Астанада «Ұлт жауһарлары» фотожинағының таныстырылымы өтті (ФОТО)

d17de1285b0acf7337b00f63e8f03a97_resize_w_520_h_
Бүгін ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында ҚР мәдениет қайраткері, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің жеке коллекциясындағы XVIII-XX ғасырлардағы «Ұлт жауһарлары» фотожинағының таныстырылымы өтті.

Салтанатты кешті ақын, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ жүргізе отырып, кітаптың жалпы болмысын таныстырды. Жиында сөз алған ғалымдар мен өнер қайраткерлері Ғарифолла Есім, Көпен Әмірбек, Әли Бектаев, Серік Сейдуманов, Оразкүл Асанғазы, Ермек Асылханов, Бибігүл Жексенбай қатарлы адамдар өз әсерлерімен бөліссе, әнші Досымжан Таңатаров пен Тамара Асар әннен шәшу шашты.

Шараның негізгі авторы және оның атқарған шаруалары туралы айтар болсақ, 2011 жылы белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің ұйтқы болуымен, Алматы қаласында «Әдемі-Ай» өнер мұражайы ашылған еді. Қазіргі таңда мұндағы жәдігерлер саны 1000-нан асады. Мұражай экспозицияларынан б.з.д. I – III ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VI – ХII ғғ. жататын тарихи құнды жәдігерлермен танысуға болады.

Өскелең ұрпақ көріп, біліп жүрсін деген мақсатпен аталған құнды мұралардың суреттерінен топтастырылған «Ұлт жауһарлары» атты фотожинақ құрастырылды. Бахаргүл Төлегенқызы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қабылдауында болып, Президентіміз қазақ қызының ұлтының мәдени мұрасын сақтап, зерттеу қызметіне жоғары баға берген болатын.

Бахаргүл Төлеген – коллекционер-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарының сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының жалғыз жеке мұражайының иесі. Сонымен қатар, қазақы кәдесыйлардың ұлттық брендін қалыптастырған «Әдемі-Ай» компаниясының президенті. Балалық және жастық шағын Қытай Халық Республикасында өткізген Бахаргүл, 1994 жылы тарихи отанына оралып, бала кезіндегі арманына қол жеткізді. Сол сәттен бастап Бахаргүл бойындағы бар қайрат-жігерін қазақтың ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді жинақтап, сақтауға арнады.

Ол республика мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін 2010- жылы ҚР мәдениет қайраткері атағына ие болды. Сол жылы еліміздің 30 танымал әйелдері қатысқан «Қазақстан әйелі — 2010» атты жобасының жеңімпазы атанды. 2013-жылы Елбасы жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталды. «Ұлт жауһарлары» фотожинағы арқылы Сіз этнографиялық бұйымдардың керемет және бай коллекциясымен танысу мүмкіндігіне ие боласыз.
c53f0d5c365ccdbaa64c92fa2cefc54f
bb3e86d8f7c5437c052e66bd9e9896daad5c1c74b6b82704aa62a180844c4d5697cac45f0dc24a1a73237ee3c317c7133ec0f138ab772625e1d6f48280d689a83b23140d5d1d4fce2bca122cb99a60e3

Не нашли то, что искали? Хотите оригинальный дизайн?
Получите консультацию по Вашим индивидуальным требованиям