Ұлттық кәдесыйлардың саны мыңнан асты

Ұлттық кәдесыйлардың саны мыңнан асты

25.09.2015

Айқын-ақпарат

Ұлттық кәдесыйлардың саны мыңнан асты

Бахаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Әдемі-ай» компаниясының президенті, этнограф:

– «Әдемі-ай» компаниясы мем­лекет­тік деңгейде атап өтілген бірқатар ша­раларға кәдесыйлар жасап, тарту етті. Қазақ хандығының 550 жылды­ғына  қандай тарту жасалды?
– Қазақ хандығының 550 жыл­ды­ғын кең көлемде атап өту туралы Ел­ба­сымыздың бастамасына өз басым дән ризамын. Бұл тойға еліміздегі әр­бір азамат өз қал-қадірінше үлес қос­уы қажет деп ойлаймын. Сон­дық­тан 7 қазан күні Астана қаласындағы Ұлт­тық мұражайда «Ғасырлар қой­науы­нан сыр шертетін Қазақстан» жо­басы аясында «Зергерлік өнер»  ат­ты үлкен көрмемді өткізбекпін. Көр­меге Қазақ хандығы дәуірінен сыр шер­тетін мыңнан астам коллекция қо­йылады. Жәдігерлердің қатарында ат әбзелдері, қару-жарақтар, зергерлік бұйымдар, киіз үй жабдықтары, киім-ке­шек бар. Сонымен қатар Қазақ хан­дығының 550 жылдығын ұлықтау мақ­сатында арнайы кәдесыйлар жасап шығардық. Көрмені ұйымдастыруға қол­дау көрсеткен Ұлттық мұражай бас­шылығы.
– Алматы мен Астанадан бастау ала­тын осындай жақсы бастамалар об­лыстарға да жетсе, нұр үстіне нұр. Кә­десыйларыңызды басқа аймақтарда көрсету жоспарыңызда бар ма?
– Жыл сайын Астана, Алматы қа­ла­сында «Ұлт жауһарлары» атты көр­мем өтеді. Бұдан бөлек, Өскемен, Аты­рау, Ақтау халқына жәдігерлерімді көр­сетіп келдім. Алдағы айда Қазақ хан­дығы туын тіккен қасиетті жер Жам­был облысына көшпелі көрме­міз­ді апармақ ниеттеміз. Жалпы, әрбір об­лыстан жыл сайын шақыртулар ке­ле­ді. Менің мақсатым – ұлттық құн­дылықтарды насихаттау мен ұлықтау бол­ғандықтан, көне мұраларымызды об­лыстарда ғана емес, шетелдерге де көр­сету.
– Көне жәдігерлердің бағасы қан­ша тұрады? 
– Мұражайдағы заттардың басым бө­лігі сатылмайды. Коллекциямда ескі І-ІІІ ғасырдағы яғни қола дәуіріндегі қару-жарақтар, ІІІ-V ғасырдағы Кү­шән патшалығы кезіндегі тиындар, Оты­рар керамикасы, ХІ-ХVIII-XIX ға­сырға тиесілі зергерлік бұйымдар бар. Ұлттық кәдесыйлардың саны мың­нан асты. Басқа мекемелердің тап­сырысы бойынша да кәдесыйлар жа­салады.
– Ал «ЭКСПО–2017» көрмесіне қан­­дай кәдесыйлар әзірлемексіздер?
– Халықаралық дәрежедегі бас­қосу болғандықтан, бұл шарадан да қа­­лыс қалмаймыз. «ЭКСПО–2017» көр­­месінің тендеріне қатысып, жиыр­ма бір түрлі кәдесый жасайтын болып келістік. Қазіргі сәтте арнайы киім-ке­шектер, үстел үстіне қойылатын түр­лі зат­тар, флэшкалар, кітаптар әзір­леу үстіндеміз. Аталған іс-шара­лар­дан бөлек ЕҚЫҰ саммиті, Дүние­жүзі қа­зақтарының құрылтайы, Қазақ­стан хал­қы ассамблеясының 20 жыл­дығы сын­ды мерекелерге де өз қолтаң­ба­мыз­ды  қалдырмақпыз.

Әңгімелескен Әмірлан МӘУЛЕН

Не нашли то, что искали? Хотите оригинальный дизайн?
Получите консультацию по Вашим индивидуальным требованиям