Ұлттық нақышты брендке айналдырған кәсіпкер әйел табыс құпиясымен бөлісті

БАХАРГҮЛ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ Ұлттық нақышты брендке айналдырған кәсіпкер әйел табыс құпиясымен бөлісті 09.03.2018, 19:51 Елімізге танымал кәсіпкер жастарға сабақ берді. Астана қаласындағы жоғары оқу орнының суденттері қазақы әшекей бұйым жасайтын іргелі компанияның жетекшісімен кездесіп, келелі әңгіме өрбітті. Бахаргүл Төлегенқызы. Тоқсаныншы жылдардың басында Қытайдан атажұртқа оралған қандасымыз. Еңбекқор. Талапты. Еңбегі аздың өнбегі аз екендігін жақсы ұғынған. Сөзімізге тұздық. Кейіпкеріміз екі мыңыншы жылы елімізде алғаш болып, ұлттық кәдесый мен бұйым жасайтын компания құрған. Бүгінде тасы өрге домалаған кәсіпкер ұлтымыздың ұлы құндылықтарын ұлықтап жүр. Бахаргүл Төлегенқызы, кәсіпкер: — Мен 20 жылдан бері коллекция жинап келе жатырмын. Студент кезімде коллекция бастап жинаған болатынмын. Пекиндегі Қытай мұражайларын аралағанмын. Пекиндегі императорлардың сарайларында жүрген кезде мені таң қалдырған болатын. Сол кезде қолыма түскен қаражатқа естелік бұйымдарды жинай жүріп, кейін елге келгеннен кейін қазақтың затын не үшін жинамасқа деген ой келіп, сондай ауқымды қаймағы бұзылмаған қазақ өнерінің асыл мұраларымызды жинауға кірістім. Әзір қоржынымда мыңнан астам коллекциям бар. Олардың барлығы қазақ халқының зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері, батырлардың қару-жарақтары, киіз жабдықтары деп бірнеше топқа бөлінеді.   Бүгінде Бахаргүл жетекшілік етіп отырған компания ұлттық нақыштағы тауардың мыңға жуық түрін шығарады. Қарасаң көздің жауын алатын жауһарлар бәрі. Іскерлігінің арқасында қазақтың салтын өзге елдерде де танытып жүрген отандасымыздың орны бөлек. Бизнесте 20 жылдық тәжірибесі бар епті кәсіпкер біліп-түйгенін жастарға да үйретуден жалықпайды. Арай Жәлелова, студент: — Мастер класс өте жақсы деңгейде өтті. Өзіме қатты ұнады. Көп мағлұматтар алдым. Оның ішінде бизнес бастауда ешқашан қорықпау керектігін, алға қойға мақсатыңды айқын көріп, соған жету жолында көптеген жұмыстар жасау керектігін үйрендім.  Бұл бұрымды бизнесмен мен жас буынның кездесуін еліміздің өзге де жоғары оқу орындарында ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мақсат — еңбегі сайлы, тұрмысы жайлы кәсіпкерді үлгі ете отырып, жастарды еңбекқорлыққа һәм бизнеске баулу. Авторлары: Қорған Төреқожа, Азиза Мақұлбаева, Ермек Кеншімбек

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/226221-ltty-na-yshty-brendke-ajnaldyr-an-k-sipker-jel-tabys-piyasymen-b-listi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Не нашли то, что искали? Хотите оригинальный дизайн?
Получите консультацию по Вашим индивидуальным требованиям