Біз жайлы

“Әдемі-Ай” компаниясы 2000 жылы құрылған.  Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық қалаларында өз бөлімшелері ашылған, мемлекеттік органдармен, жеке ұйымдар, компаниялармен тығыз байланыс орнатып, еліміздің сувенир нарығында көшбасшы атанып келеді.

Мақсатымыз – қазақ халқының ұмытылмас көне мұраларын, асыл заттарын халық жадында қайта жаңғыртып, ел игілігіне жарату. Ұмытылып бара жатқан ұлы мұраларымызға жан бітіріп, ел аузында қалған маржан сөздерді, тілек-ниеттерді кәдесыйға жазу ретінде басып, сол арқылы қазақ халқының дана да дара халық екендігін паш  ету. Күн сайын ұлттық кәдесыйлардың жаңа нобайларын ашып, киелі қазақ өнерінің кең қанат жаюына үлес қосып, тың идеялар тудыру. Ұлтымыздың құнды жәдігерлерін, халық өнері мен мәдениетінің жаңа қырларын ашу.

Компанияның стратегиылық жоспары – ұлттық және кез-келген тақырыптағы сувенирлерді жоғарғы сапамен дайындау. Тапсырыс берушінің талаптарын толыққанды орындап, ерекше дизайн жасап, жоғарғы дәрежеде сервистік қызмет көрсету. Сувенирлердің кең түрі, толық кешенді қызмет, жағымды атмосфера, бағалардың үйлесімділігі,жоғарғы сапа және жаңа заман технологияларын енгізу «Әдемі-Ай» компаниясының стратегиялық жоспары.

«Әдемі-Ай» компаниясының шығарған ұлттық сувенирлері еш жерде қайталанбайды. Себебі аталған компанияда ұзақ жылдар бойы тәжірбие жинап, ұшқыр ой мен ерекше шабытты бойларына сіңірген талантты дизайнерлер тобы құрылған. Соның арқасында компанияда жаңа сувенирлер саны жыл сайын артып, ерекше, таңқаларлық кәдесыйлармен толығуда.  Қазақстанның бетке ұстар өнертанушыларымен, этнографтарымен, суретшілерімен, мүсіншілерімен, өнер адамдарымен тығыз жұмыс атқарып келеміз.

1

Национальные сувениры

2Бахаргуль Толеген

2011 жылы «Әдемі-Ай» компаниясының бас ғимараты Алматы қаласының орталығынан бой көтерді. Сәулеті мен келбеті жарасқан үш қабатты ғимарат өте ерекше. «Әдемі-Ай» өнер үйі деп аталатын ғимараттың екінші қабатында «Әдемі-Ай» өнер мұражайы мекемесі орналасқан.  Онда компанияның Президенті, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертанушы, коллекционер Бахаргүл Төлегеннің 1000 нан астам жәдігерлер топтамасы қойылған. Қала қонақтары мен тұрғындарына тегін қызмет көрсетіп келе жатқан мұражай ұлттық өнерімізді жаңғыртуға өзіндік үлесін қосып келеді Ол дегеніміз – «Әдемі-Ай» компаниясының артықшылығына тағы бір леп қосу.

Компания әр тұтынушыға тек жайлылық пен жағымды әсер қалдырады. Көп жылғы еңбектің, табандылықтың арқасында көшбасшы атанған компания әр адамның жүрегіне тікелей жол тауып, биік дәрежеде қала бермек. Халықтың қайнары – кәдесыйларымыз жаңғырып, «Асықтарыңыз әрқашан алшысынан түссін»

 

v

Біздің жұлдызды қонақтар

_DSC00333+

Бибигуль Тулегенова

_DSC0791+

Аша Матай

 

Сіз іздегеніңізді таба алмадыңыз ба? Әлде ерекше дизайн қажет пе?
Сіздің жеке талаптарыңызға қарай ақыл-кеңес алыңыз