Мұражай

Өнер мұражайы Алматы қаласы, Шевченко көш 133 б, «Әдемі-Ай» өнер үйінің 2-ші қабатында орналасқан.

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы қаласының Әділет департаментінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу нөмірі                      №106441-1910-М-е куәлігі берілген.

 

200  аумақты алып жатқан өнер мұражайында ҚР Мәдениет қайраткері, өнертанушы, этнограф, коллекционер Бахаргүл Төлегеннің 1000-нан астам тарихи жәдігерлері қойылған.

Олардың қамтитын уақыты XI-XIX ғасыр аралығы.

Экспонаттар мұражайға топталып, білікті мамандардың сараптауынан өтіп қойылған. Әрбір жәдігер барынша анық көрінуі үшін барлық жағдайлар жасалынған.

Жеке өнер мұражайының басты ерекшеліктері:

–         онда қойылған құнды жәдігерлер еш жерде қайталанбайды.

–         мұражайға тек қазақ халқына тән құнды дүниелер қойылған

–         әшекей бұйымдардың  әрқайсысы таза, бағалы металдардан жасалып,  лағыл, ақық, маржан тастармен көмкерілген.

–         әр жәдігердің табылған жылы, жасалу әдісі, т.б. көптеген ерекшеліктері толықтай түсіндіріліп жазылған

–         жәдігерлердің тарихилығын растау туралы құзырлы органдардың,     Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайының арнайы құжаттары алынған.

–         кейбір жәдігерлер табтағатта сирек кездесетін материалдардан жасалған

Мұражайға қойылған жәдігерлер мынандай топтарға бөлінеді:

  • сәукелелер, сәукеленің әшекейлері
  • сырғалар, шекеліктер
  • үкіаяқтар
  • шашбаулар
  • шолпылар
  • шаштеңгелер
  • өңіржиектер
  • алқалар
  • тұмаршалар мен тұмарлар
  • бойтұмарлар
  • білезіктер
  • жүзіктер, сақиналар
  • қапсырмалар, түйреуіштер, түймелер
  • ақықтар
  • белдіктер
  • қамзолдар
  • ат әбзелдері
  • киіз үй жабдықтары
  • тұрмыстық салт бұйымдары
  • басқа халықтардың әшекей бұйымдары

Бүгінгі таңда мұражай халыққа тегін қызмет көрсетеді. Келіп тарихи дүниелерге көз құмарын қандырамын деген кез-келген адамға мұражайдың есігі әрқашан ашық. Мұражайда арнайы мамандар қызмет етіп, келген қонақтарға таныстыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қала мектептерімен тығыз жұмыс жасап, апта сайын мектеп оқушыларын қабылдау күні белгіленген.

“Әдемі – Ай” өнер мұражайының экспонаттар коллекциясы жаңа жәдігерлермен толықты.

Орта ғасыр – (VII – IV ғ.ғ.)  қарудың түрлері:

  1. Найзаның ұшы
  2. Жебенің ұшы
  3. Темірден жасалған айбалта
  4. Найзаның ұшы
  5. Темір пышақ

Бұл темірден жасалған заттар қазіргі Қазақстан территориясын ертеде мекен еткен көне түркі тайпаларының қарулары. Табылған  заттар көне түркі мен қыпшақтарға тән археологиялық ескерткіштер болып табылады. Қазіргі Қазақстанды мекендеген түркі тайпаларына тән ерекшелік – адамды атымен, жеке заттарымен бірге жерлеген. Көне түріктердің түсінігі бойынша бірге қойылған заттар марқұммен о дүниеге бірге барады деп есептеген.

0.90533800 1396853483

Теңгелер: Кушан патшалығы (б.з. I – III) қазыргі Орта Азия, Ауғанстан, Пәкстан мен Солтүстік Үндістан территориясындағы көне мемлекет аумағында айналымда болған теңгелер (валюта). Теңгедегі суреттер Кушан мемлекетінің патшасы  Канишки I (б.з. II ғасырының бас кезі) болуы мүмкін.

0.70186900 1396853636

Сіз іздегеніңізді таба алмадыңыз ба? Әлде ерекше дизайн қажет пе?
Сіздің жеке талаптарыңызға қарай ақыл-кеңес алыңыз