Тапсырыс берушіге

«Әдемі-Ай» компаниясы Қазақстанның сувенир нарығындағы 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан көшбасшы компания. Дүкен сөрелерінде тұруға  тиіс ұлттық болымысымызды айқындайтын кәдесыйларды шығарып халыққа ұсынып келеді.

 

Мақсаты:

Ұлттық және кез-келген тақырыптағы сувенирлерді жоғарғы сапамен дайындау. Тапсырыс берушінің талаптарын толыққанды орындап, ерекше дизайн жасап, жоғарғы дәрежеде сервистік қызмет көрсету. Сувенирлердің кең түрі, толық кешенді қызмет, жағымды атмосфера, бағалардың үйлесімділігі,жоғарғы сапажәне жаңа заман технологияларын енгізу «Әдемі-Ай» компаниясының стратегиялық жоспары.

 

Жетістіктері және серіктестер:

Елімізде өткен 7-ші қысқы Азия ойындарының ресми демеушісі. Мемлекетімізде өткен ірі форумдардың, саммиттердің т.б. халықаралық жиындарды ұлттық сувенирлермен қамтамасыз еткен бірден-бір компания. Бұл дәстүр өз жалғасын таба береді.

Мемлекеттік органдар, министрліктер, ұлттық компаниялар, банктер, транспорттық компаниялар, телекоммуникация және байланыс компаниялары, телеарналар, радиолар, мұнай және газ компаниялары, энергетикалық компаниялар, аудиторлық және өндірістік компаниялар, жоғарғы оқу орындары және мыңнан астам жеке компаниялармен тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз.

 

Неге «Әдемі-Ай»?

Компания шығарған   сувенирлер еш жерде қайталанбайды. Себебі компанияда ұшқыр ой мен ерекше шабытты бойларына сіңірген талантты дизайнерлер тобы жұмыс жасайды.  Нәтижесінде компанияда жаңа сувенирлер саны жыл сайын  толығуда.

Сонымен қатар,Қазақстанның бетке ұстар өнертанушыларымен, этнографтарымен, суретшілерімен, мүсіншілерімен, өнер адамдарымен тығыз жұмыс атқарамыз.

 

Бізді қалай табуға болады?

«Әдемі-Ай» компаниясы Қазақстанның барлық қаласында ашылған. Оның ішінде Алматы, Астана қалаларында 20 сауда орындары бар. Олар халықаралық әуежайларда, ірі ойын-сауық, сауда орталықтарында, орталық дүкендерде, бизнес орталықтарда және қаланың ыңғайлы аудандарындағы ғимараттарда орналасқан. Бас кеңсе Алматы қаласы, Шевченко көш, 133Б үйде.

 

Қалай жұмыс жасаймыз?

Біз кез келген мемлекеттік және жеке мекеменің логотипін пайдалану арқылы түрлі формада, ерекше дизайнмен сувенирлер дайындаймыз. Сувенирді алтын, күміс жалатылған металдан, таза хрустальдан, бағалы тастардан, фарфордан т.б. көптеген құнды заттардан жасата аласыз. Сувенир өндірісінде тек қымбат әрі берік металдар  қолданылады

 

«Әдемі-Ай» компаниясы Сіздерді бірігіп жұмыс жасауға шақырады. Заттың сапасы мен қайталанбас дизайнына, авторлық құқықтың қорғалуына кепілдік береді!

Идея Сіздікі – жұмыс біздікі!

 

pdfПрезентация компании «Әдемі-Ай»

 

Байланыс тел: +7 727 378 84 85

Менеджеры: +7 707 404 04 54, +7 777 303 80 39

www.ademi-ai.kz, ademi_ai@mail.ru

Сіз іздегеніңізді таба алмадыңыз ба? Әлде ерекше дизайн қажет пе?
Сіздің жеке талаптарыңызға қарай ақыл-кеңес алыңыз