475-Clear

АИН-005/G Сувенир «Тайқазан»

125,000.00 ₸

Описание товара

«Тайқазан» — Әмір-Темірдің тапсырысымен жасалған Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің ішінде орналасқан бұл алып қазанның құрамында темір, қорғасын, мырыш, қалайы, қызыл жез, күміс және алтын бар. Қазанның сыртына 12 рет «Алладан басқа Құдай жоқ» 14 рет «Бақытты болыңыз» деп жазылған. 1935 жылы Тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитажға, «Иран өнері мен археологиясы бойынша III халықаралық конгресіне» алынады. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-інде ғана Өзбекәлі Жәнібеков бастаған ұлтжанды азаматтардың бастамасымен тарихи Отанына қайтарылады. «Әдемі-Ай» компаниясы алып тайқазанның кәдесый түріндегі көшірмесін жасап шықты. Материалы: металл қоспасы, құйма, алтын жалатпа. Көлемі: 230мм.

Не нашли то, что искали? Хотите оригинальный дизайн?
Получите консультацию по Вашим индивидуальным требованиям