RU
Новости

Құрметті оқырман!

12.01.20

Жаһандық дамудың көшіне ілескен қазақ қоғамында ұлтық болмыспен қабыспайтын түрлі қағидаттар пайда болды. Ал, сол еуропалық қағидаттардың, болашақта еліміз үшін қаншалықты пайдалы болатындығын білсек те ішкі рухымыз бен ұлттық қағидаттарымыз айқасқа түсіп, жаһандық деңгейдегі үрдістерді қабылдай алмай, сансыраған күйге түстік. Дәл бүгінгідей еліміздің дамушы елдер қатарындағы іс-әрекеттерінің арасына кірігіп, жаһандық дамудың қағидаттарына жаппай жұтылып кетпеуіміз үшін бізге қалқан қажет. Ол қалқан - ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық мәдениетіміз.

Сондықтан да, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» іспетті халықты ұлттық рухқа жетелейтін мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларын негізге ала отырып жұмыс істеу абзал. Бұл бағытта жұмыс істеп келе жатқан тұлғалар баршылық. Солардың бірі - белгілі өнертанушы, ҚР мәдениет қайраткері, «Әдемі-Ай» ұлттық кәдесыйлар компаниясының президенті Бахаргүл Төлегенқызы. Құрметті оқырман, біз журналымыздың 2019 жылдың алғашқы жылашар санын ұлттық құндылықтардың жанашыры бола білген осы Бахаргүл ханымның құрметіне арнап отырмыз. Мақсатымыз бүгінгі күні отандық өнім Өндіріп, ұлттық құндылықтардың заманауи келбетте жаңғыруына өз үлесін қосып жүрген Бахаргүлдің игі қызметін халыққа жеткізу..

Мәдина Сәдуақасова қыздарыңыз қонаққа келді.

16.06.2016

«ӘДЕМІ – Ай» дүкенімізге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері, әнші Мәдина Сәдуақасова қыздарыңыз қонаққа келді.

Мәдинаның инстаграм парақшасындағы жазбасы: Қыздар мен әйелдердің зергерлік бұйымдарды қалай жақсы көретіні бәрімізге белгілі. Әсіресе, егер бұл әшекейлер заманауи ұлттық стильде болса.

Жақында мен "ӘДЕМІ - Ай" деген ұлттық әшекей бұйымдары мен кәдесыйлар дүкеніне кіріп, өзімді таң қалдырдым.

Мұнда Ұлттық бұйымдардың түр-түрі бар: сақиналар, сырғалар, білезіктер және тағы басқасы. Өзіме бірнеше зергерлік бұйымдар жиынтығын сатып алдым.

Дүкенде апта сайын әртүрлі конкурстар мен акциялар өткізіледі. Өзіңізге және жақын адамдарыңызға зергерлік бұйымдарды ең жақсысын Әдемі-айда таңдаңыз.

Әдемі-айда әдемінің бәрі бар!