«Әдемі-Ай plus» компаниясының ақпараттық-танымдық сайты
   Бүгін:   жыл.
                                     
    Негізгі ақпарат

Сүйінші!..

ademi-aiҚазақ елі болмысынан бағалы өнер тудырып, рухани мұрасын жанынан жоғары қойған асыл хальқ Құдайдың бітірген қасиеті арқылы жүректегі ойын, жанындағы сырын өнерімен білдіре де білген. Қазақ өнері тудырған әрбір аялы бұйым-өлместей болып бір-ақ рет дүниеге келетіні сөзсіз.
Ұлттық өнеріміздің қаршығадай қорғаушысы болып жүрген, жәдігер жинаушы, қазақ елінің тәуелсіздігі, тарихы, өткені мен бүгінін айшықтайтын бағалы кәдесый шығаратын «Әдемі-Ай plus» компаниясының бас директоры Бахаргүл Төлегенқызының кеудесіне жаңа жыл қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі тағылды. жалғасы »

   Бөлім: Жаңалықтар
Сүйінші!..

Қазақ елі болмысынан бағалы өнер тудырып, рухани мұрасын жанынан жоғары қойған асыл хальқ Құдайдың бітірген қасиеті арқылы жүректегі ойын, жанындағы сырын өнерімен білдіре де білген. Қазақ өнері тудырған әрбір аялы бұйым-өлместей болып бір-ақ рет дүниеге келетіні сөзсіз.
Ұлттық өнеріміздің қаршығадай қорғаушысы болып жүрген, жәдігер жинаушы, қазақ елінің тәуелсіздігі, тарихы, өткені мен бүгінін айшықтайтын бағалы кәдесый шығаратын [...]

Бахаргүл Төлегенқызына дауыс беріңіз!..
ҚҰРМЕТТІ “ГҮЛДЕР” АНСАМБЛІНІҢ ҰЖЫМЫ!

“Гүлдер” ұжымының 40 жылдық тарихы — мәдениетіміздің асыл қазынасы Қазақ халқының дәстүрлі өнерін жандандыра, дамыта отырып, көрермен көңілінен шыққан бірден-бір шығармашылық орда. “Әдемі-ай” компаниясы “Гүлдер” мемлекеттік ансамблін мерейтойларымен құттықтай отырып, үлкен шығармашылық табыстар тілейді. Елім деп, халқым деп жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін көріп халқымыздың құрметіне бөлене беріңіздер!
Игі тілекпен “Әдемі-ай” компаниясының директоры Баһаргүл Төлеген

   Бөлім: Даланың дара арулары
Айнамкөз сұлу немесе Қоянкөз ана

Ел бірлігі мен ынтымағын сақтауда көп еңбек сіңірген, ұрпақ көбейткен, ұлысқа ұран болған, дуалы ауыз көріпкел, әулие саналған аналар тарихта көп болған. Солардың бірі - Қоянкөз ана.
Ол атақты жырау, әрі батыр, әрі ақын Қабан жыраудың қызы болған.

   Бөлім: Жәдігерлер
Жаңа жәдігерлер топтамасы

   Бөлім: Салт-дәстүр
Бүгінін бағамдаған, өткенін өлшеген шебер.

Қазақ халқының зергерлік өнері талай ғасырлардан бастау алады. Бүгінде ата-бабадан қалған халық жауһарларын көңіл зердесіне салып қарасақ, көне мұралар тек сұлу ғана емес, мән-мағынаға да толы. Ал Амангелді Зәрубайұлы сол түбін ұмытпаған ұсталардың бірі.
Олай болмаса “Алтын адам” білезігіндей өнер туындысы дүниеге келер ме еді? Кешегінің көзіндей болып, сақтан қалған сарқыттай мыңжылдықтар сырын аңғартар ма еді? [...]

“Құтты білік”

“Құтты білік” - әлем өркениетенен мәңгілік орын алған ақылман дастан. XI ғасырда қазақ жерінде жазылған, түрік тектес халықтардың тұңғыш классикалық шығармасы. Заманында ирандықтар - “Туран шахнамасы”, Шын жұрты - “Хандардың әдеп-қағидалары”, машындықтар - “Мемлекеттің дәстүрі”, күллі шығыс “Өмір зейнеті”, “Падишаларға насихат” деп таныған. Ал осы кітапты дүниежүзілік асыл қазынаға қосқан түрік жұртының өзі “Құтты білік” [...]

Некелесу, құдаласу

Қазақ жерінде орыс патшасының өкілі қызметін атқарып, үкіметтің тапсырмасымен жергілікті халықтың түрмысын, әдет-ғүпын, мінез-ңүлңын зерттеген Ресей шенеуніктері көптеген қызықты жазбалар қалдырған.

   Бөлім: Алғы сөз
Баспасөз парағы

Еліміздің жүрегі Астана қаласында жеке коллекционер,ұлттық жәдігерлерімізді жинап, насихаттаумен шұғылданып жүрген Төлеген Баһаргүлдің «Киелі мұраға тағзым» атты көрмесі өз жұмысын бастады. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы ұйымдастырған «Киелі мұраға тағзым» атты республикалық акция аясында өткізілген шара барысында 18-20 ғасырдағы қазақы жәдігерлер насихатталуда.

Оқырманмен сырласу

«Әдемі-ай» журналы арқылы өзде-ңізбен жүздесудің тағы да сәті түсті. Үстіміздегі жылдың жаз айларында не тындырғанымды айта кеткеннің артықты-ғы болмас. «Жүрегімде Отаным» атты этно- жәдігерлер көрмесін Ә.Қастеев атындағы мұражайда өткіздім. Астанада Президент мұражайында, сондай-ақ Ресейде тұратын қазақтарға арнап көрме өткізіп қайттым. Тарихы мың жылға кеткен көздің жауын алатын әшекейлер, сақина, білезік, сырғалар, ат әбзелдері мен ер [...]

Оқырманға хат

Бізді әдемі әсерлерге, жылы сәулеге, ыстық ықыласқа бөлеген, жаздың жаймашуақ күндері де сырғып өтіп барады. Журналымыздың өткен сандарында жариялана бастаған қазақ халқының өткені мен бүгінгі тіршілігі, салт-дәстүр, ұлттық жәдігерлер туральі тәлімді әңгімелер одан әрі де жалғасатын болады.
Сан жылдар бойы тарих қойнауында жасырынып жатқан төл тарихымызбен мәдениетіміздің жәдігерлерін халыққа таныстыру - парызымыз.





Қазақпыз ғой алыс-беріс, кәделі
Ала жүрер жолы келген кәдені
Сол сыйлықтың бәрі де бар бұл жерде,
Табу оңай, дүкен аты – «ӘДЕМІ»

 







Қыркүйек 2010
Дб Сс Ср Бс Жм Сн Жн
«    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  

«Әдемі-Ай Plus» компаниясының ақпараттық-танымдық сайты.
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс.
Сұхбаттағы (форум) жазбалар мен білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды.

© 2009 ademi-ai | E-mail: ademi_ai@mail.ru

Web-сайт жасау, техникалық қолдау: www.didar-com.kz, www.sn.kz